30 маусым 2016 10:31

Ақтөбеде көпқабатты үйдің тұрғындары дабыл қағып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Ақтөбеде Әкімжанов көшесінде орналасқан 136-үйдің тұрғындары үйіндінің астында қалудан қорқып отыр. 1988 жылы салынған үй бесінші қабаттан бастап қирап, сол жақтан кірпіштер опырылып жатыр, - деп хабарлады Tengrinews.kz тілшісіне Ақтөбе тұрғыны Бидаш Ағниязова.

Оның айтуынша, үйдің қабырғасы биыл қаңтар айынан бастап опырыла бастаған. Тұрғындар қыста үйсіз қаламыз ба деп қорқып отыр. Содан олар бұл туралы қалалық және облыс әкімдіктеріне хабарлаған.

"Бізге арнайы комиссия келді. Олар екі ай бойы келіп жүрді, үйдің апатты жағдайда екенін мойындады. Смета дайындап, қабырғаларды қайта қалпына келтіруге уәде берген болатын. Алайда, уәделерін орындамады. Жақында мердігерлік фирманың өкілі келіп кеткен. Ол 2,5 миллион теңгеге бәрін қалпына келтіруге болатынын, бірақ тұрғын үй шаруашылығын ақша бөлмегендіктен ештеңе істей алмай отырғанын айтты", - деді үйдің тұрғыны.

Айта кетейік, Ақтөбе әкімдігінің өкілдері бұл жағдайға қатысты түсінікті кейінірек беруге уәде берді.

© Tengrinews.kz

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети