21 қыркүйек 2018 18:08

Ақтөбеде күйзеліске түскен полицейдің видеосы жарияланды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Ақтөбе облыстық ІІД қызметкерлері видеоға түсірілген полицейдің қылығын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Ақтөбе облыстық ІІД қызметкерлері видеоға түсірілген полицейдің қылығын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Facebook әлеуметтік желісінде ер адамның қызметтік көлікте келе жатқан полицейдің артынан қуып жеткені түсірілген видео пайда болды. Кадр сыртында ер адам жүргізушінің басқа көлікке соғылғанын мәлімдейді. 

Назар аударыңыз, балағат сөздер айтылады!

ІІД баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, видео 2018 жылдың маусымында түсірілген. ІІД Өзіндік қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексерісті бастады, ал нәтижесі бойынша тәртіптік сипаттағы шаралар қолданамыз деп уәде берді. 

"Алдын ала ескертеміз, ол күні видеодағы Сазды полиция бөлімшесінің аға тергеуші Е.Т.Бүркітбаев үш тәулік бойы жұмыс орнында болған және лифт шахтасында мерт болған әйелдің ісімен айналысқан. Жақын туысының ауыр дерті жайлы естіп, күйзеліскен түскен халде өзіне тіркелген қызметтік көлігімен ауруханаға кетіп қалған. Жол-жөнекей қолайсыз ауа райына байланысты (жаңбыр) қарсы келе жатқан "Нива" автокөлігінің артқы бамперін сырып кеткен. Оқиға салдарынан "Нива" көлігіне ауыр зақым келмегендіктен жүргізуші полицейлерге хабарласпаған және наразылық танытпаған. 

Полиция бөлімінің басшылығы мен әріптестері ер адамның спирттік ішімдік ішпегенін айтады және оны адал қызметкер ретінде бағалады", - деп хабарлады ІІД баспасөз қызметіндегілер. 

"Видео авторы ЖШС басшысы ірі сомада (98 миллион теңгеден аса) алаяқтық жасады деп күдіктелген. Ал оның ісін аға тергеуші Е.Т.Бүркітбаев жүргізген. Қылмыстық іс Ақтөбе облыстық МКД-ға тергеуге жіберілді", - деп қосты ІІД өкілдері. 

Баспасөз қызметіндегілер тексерістің нәтижесін қосымша хабарлаймыз деп уәде берді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети