04 қазан 2016 08:55

Ақтөбеде сақал қойған жігіттер әскерге алынбай жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© time.kz © time.kz

Ақтөбеде жат ағымның жетегінде кеткен он жігіт әскер қатарына алынбаған. Арнайы комиссия олардың діни көзқарастарынан қорқып іріктеуден өткізбепті. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.  


Ақтөбеде жат ағымның жетегінде кеткен он жігіт әскер қатарына алынбаған. Арнайы комиссия олардың діни көзқарастарынан қорқып іріктеуден өткізбепті. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.  

Радикалдардың қорғаныс саласына кіріп, іріткі салуынан қорыққан құзырлы органдар күзгі шақырылымға келгендерді жіті сүзгілеуде. Отан алдындағы борышын өтеуге міндетті жастарды медициналық тексеруге шақырмастан бұрын жеке істерін тексереді екен. Егер Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен Ішкі істер департаментінің тізіміне іліккендер болса әскерге жолатпайды. Биылдыққа он жігіт экстремистік ұстанымдары үшін, тағы бірі баптистердің уағызшысы болғандықтан әскерден шеттетілген.  

"Әскерге шақырмастан бұрын ер азаматтарды сырттай зерттеп, жеке істерін тексереміз. Ұлттық қаупсіздік комитеті мен Ішкі істер органдарымен тығыз байланыстымыз. Арнайы тексеру кезінде тіркеуде тұрған- тұрмағаны анықталады", - деді Ақтөбе облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Әділбек Құлтаев. (КТК)

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.52   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети