31 шілде 2019 09:08

Ақтөбеде студент азғындыққа барды деп айыпталып отыр

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 1tv.kz © 1tv.kz

Ақтөбедегі лагерьден шу шуқты. "Ақбөбек-Восток" тәлімгері азғындық жасады деген күдікке іліккен. Оның үстінен жеті бірдей баланың ата-анасы полицияға арызданды, - деп хабарлайды Астана телеарнасының журналисі. 


Ақтөбедегі лагерьден шу шуқты. "Ақбөбек-Восток" тәлімгері азғындық жасады деген күдікке іліккен. Оның үстінен жеті бірдей баланың ата-анасы полицияға арызданды, - деп хабарлайды Астана телеарнасының журналисі. 

Қазіргі кезде арнайы комиссия жұмыс істеп, лагердегі мән-жай анықталып жатыр.

"Кәмелетке толмағандарды азғындыққа итермелеу бұл жерде болды ма, болмады ма қазіргі күні анықталып жатыр. Алматы ауданы полициясымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Осы тексеру барысында барлық жағдай анықталады. Бұл істі прокуратура қатаң бақылауға алады", - деді Ақтөбе қаласы Алматы ауданының прокуроры Жасұлан Дәулембаев.

Қазіргі күні ер балалар тобына жетекшілік еткен 22 жастағы тәлімгер жігіт жұмыстан босатылған. Ол Астанадағы жоғарғы оқу орнының бірінің студенті екен. Қазіргі кезде үйінен ешқайда кетпеу туралы қолхат алған.

"10-12 жас аралығындағы балалар. Негізі балаларды тәрбиеші би кешіне жібермеген. Біз барғанда бізге жеке бала бақшаның аға тәрбиешісінің айтқаны осы. Ал балалар сосын мені ұрды деп айтқан бізге осылай айтылды. Азғындық туралы мәселе бізге түскен жоқ", - деді Ақтөбе облыстық білім басқармасының бөлім басшысы Райхан Нұрғожаева.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети