30 тамыз 2019 11:22

Ақтөбеде сұйытылған газ тапшылығы тұрғындардың үрейін туғызды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбедегі сұйытылған газ тапшылығы жұрттың үрейін туғызды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.


Ақтөбедегі сұйытылған газ тапшылығы жұрттың үрейін туғызды, - деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның мәліметінше, бірнеше бекетте газ тек талонмен беріліп жатыр Оның өзінде көлік жүргізушілері ұзын-сонар кезекке тұруға мәжбүр дейді. Ал жауапты мамандар газ тапшылығы уақытша деп отыр. 

Осылайша қазіргі уақытта Ақтөбедегі автогаз құю бекеттерінің барлығы жабық тұр екен. "Газ жоқ" деген тақтайша іліп қойған. Ал сұйық отынды талонмен беретін бірер бекетте ұзын-сонар кезек. Көлік жүргізушілері газ тапшылығы "бағаны көтеру үшін әдейі қолдан жасалынып отыр" деп күмәнданады.

"Былтыр дәл осы уақытта біздің облысқа 12 мың тонна газ бөлді. Биыл азайтып тастады. Онымен қоса көлік те көбейді. Осыдан тапшылық болып отыр. Қазір әлеуметтік газды министрлік азайтып, биржалық газды көбейтіп жатыр. Сондықтан келер айдан бастап бағасы да өседі", - дейді қтөбе облыстық газ тасымалдаушылар қауымдастығының төрайымы Алтынай Мұқанова.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети