19 маусым 2019 | 16:27

Ақтөбеде теракт кезінде қаза болғандарды еске алу шарасы өтті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© aktobenews.kz © aktobenews.kz

Бүгін Ақтөбедегі 66/55 әскери бөлімінде ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді еске алу салтанатты шарасы өтті, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары"


Иконка комментария блок соц сети

Бүгін Ақтөбедегі 66/55 әскери бөлімінде ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді еске алу салтанатты шарасы өтті, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары"

ҚР Ұлттық ұлан бас қолбасшысының оқ ату сайысы бойынша біріншілігі әскери борышын орындау кезінде ерлікпен қаза тапқандар құрметіне арналған.

"Ақжар" оқу-жаттығу алаңында өтетін іс-шараға 70-тен аса әскерилер қатысады. Турнирге Астана, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан өңіріндегі әскери бөлімдердің спортшылары келген.

"Үш жыл бұрын қызмет үстінде қаза тапқан жауынгерлер ерлігі ұмтылмайды. Олар ел үшін кеудесін оққа қойды. Жауынгерлердің алдында басымды иемін. Бүгінгі шара қатысушыларына жеңіс тілеймін", - деді "Батыс" өңірлік қолбасшылығының орынбасары Павел Ситников.

2016 жылдың 5 маусымында әскери борышын орындау кезінде қаза тапқандар есімі бөлімшеде таспен жазулы тұр. Еске салсақ, қарулу қақтығыс кезінде майор Даниэль Майлыбаев, кіші сержант Берікжан Қалиев және қатардағы жауынгер Досбол Сапар қаза болды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети