09 маусым 2016 18:07

Ақтөбедегі әскери қызметкер шабуылға қалай тойтарыс бергенін айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әскери қызметкер Артем Авдеев №6655 әскери бөлімінде болған атыста қызметтестерімен бірге шабуылға қалай тойтарыс бергенін айтып берді, - хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әскери қызметкер Артем Авдеев №6655 әскери бөлімінде болған атыста қызметтестерімен бірге шабуылға қалай тойтарыс бергенін айтып берді, - хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ол күні біз ішкі күзетте тұрдық. Алты адам болдық. Күзетті қабылдадық, сосын түскі асты ішіп алып, ұйықтадық. №2 сақтық тобы тәртіпке сәйкес күзет орнында ұйықтауы керек болатын. Кейін бізді әскери қызметші оятты. Содан әскери бөлімге шабуыл жасалып жатқаны жайлы дабыл түсті.  №1 сақтық тобы күзет бастығымен бірге шабуылға тойтарыс беруге кетті, олар ең бірінші болып соғысты. Біз, №2  сақтық тобы күзетті күшейте бастадық. Өзімнің күзет орныма жүгіріп бара жатқанда, атыстың болып жатқанын естідім. Үшінші күзет орнына жүгіріп барып, бекіністе тұрдым. Сосын саябақ жаққа барып, шабуылға тойтарыс бердік", - деді Авдеев.

Әскери қызметкер Авдеев жарақат алған, қазір қаралып жатыр. Не болғанын тек жедел жәрдемде түсіндім.

"Барлығы нұсқауға сәйкес жұмыс істеді", - дейді Авдеев.

Қаза тапқандар жайлы айта келе, Авдеев былай деді: "Мен онымен жарты жылдай әскери бөлімде тұрдым. Енді мынандай жағдай болып қалды... Ешкім де ол күні бір жағдай болады деп ойламады да. Біз әскерден қайту туралы ойладық. Осындай бейбіт уақытта енді мынандай жағдай болып отыр".

Генерал-майор, Ұлттық гвардия бас командирінің орынбасары Мұхаметқали Сатов Ақтөбедегі әскери бөлімде болған шабуылдың мән-жайын айтып берді. Қылмыскерлер 5 маусымда әскери бөлімге шабуыл жасағанда маршруттық автобусты басып алған болатын. Жолаушыларды автобустан шығарып, кейіннен әскери бөлімнің аумағына кіріп, шабуыл жасаған. Салдарынан үш адам қаза тауып, алты әскери қызметкер жарақат алған.

Әскери бөлімде бүгін қазалы митинг өтті. Ақтөбедегі терактінің салдарынан қаза тапқандарға байланысты Қазақстанда 9 маусым ұлттық аза тұту күні болып белгіленді.

Еске салайық, биыл 5 маусымда Ақтөбеде теракт болған еді, оның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілді. Шабуыл жасаған 13 адам өлтірілді, тағы төртеуі жараланды, енді алты адам іздеуде жүр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети