10 қараша 2016 09:53

Ақтөбедегі атыс: Сарапшылар қаза тапқан лаңкестің денесінен әскери граната тауып алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбелік сот-медицина сарапшылары rikatv.kz басылымына берген сұхбатында олардың маусым айында болған терактіде қандай жұмыс атқарғандарын, сарапшыларға қандай қауіп төнгенін және денелердің мәйітханада қанша уақыт сақталғаны жайлы айтып берді.


Ақтөбелік сот-медицина сарапшылары rikatv.kz басылымына берген сұхбатында олардың маусым айында болған терактіде қандай жұмыс атқарғандарын, сарапшыларға қандай қауіп төнгенін және денелердің мәйітханада қанша уақыт сақталғаны жайлы айтып берді.

"Біздің сот-медициналық сарапшымыз оқ ататын қарумен және гранатамен көзі жойылған террористер болған пәтерге барды, - деді сот-медициналық сарапшы Владимир Корнев. - Мәйітті тексеру барысында сарапшы міндетті түрде мәйітті аударады. Содан біздің маман мәйіттердің бірін аударып жатқанда, денеден жарылмаған гранатаны тауып алды. Осыған дейін денелерді әскери қызметкер тексерген болатын, бірақ ол мәйітті аударып, қарап шықпаған сияқты. Айта кететін жайт, ол мәйіттер туыстарына әлі берілген жоқ", - деді Корнев.

Бір мәйіттің өзін қарап, жіті тексеріп шығу үшін аз уақыт кетпейді. Сарапшы Владимир Михайлович үш мәйітті тексеру үшін 5-6 сағат кеткенін есіне алды. Барлығын ескеру керек, тіпті қанының қалай аққанын қарау керек. Ол оқтың қандай қашықтықтан атылғанын көрсете алады. Негізі мәйітті тексеру жұмыстарына бір ғана сарапшы емес, мамандар тобы баруы керек. Мәйітті ашу жұмыстары сот-медициналық сараптаманың мәйітханасында өтті.

"Террористердің басым бөлігінде оқ жарақаттары, жарылыстан алған жарақаттар бар, - дейді Владимир Корнев. - ҚР үкіметіндегілердің қаулысына сәйкес, олардың денелері туыстарына берілген жоқ. 2 ай бойы денелер мәйітханда сақталды".

Оның айтуынша, осыған дейін әскерилердің туыстары келіп кеткен. "Біз оларға мәйіттерді неге бермей жатқанымызды түсіндіруге тырыстық, кейіннен туыстарын ҰҚК өкілдеріне жібердік", - деді сарапшы.

Айта кетейік, 18 қазанда Ақтөбеде 5 маусымда болған терактіге қатысты атышулы істің сот отырысы басталған болатын.

Еске салайық, Ақтөбедегі теракт кезінде жеті адам қаза болған. Олардың үшеуі әскерилер, төртеуі - бейбіт тұрғындар. Жарақат алғандар саны 30 шақты. Террористер қаладағы әкімшілік ғимараттар мен түрмені басып алмақ болған.

Дәстүрлі емес дін ағымының 25 өкілі "Пантера" және "Паллада" қару дүкендеріне, 6655 әскери бөліміне шабуыл жасаған. Ол кезде Қазақстанда алғаш рет террористік қауіптің қызыл деңгейі жарияланған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети