08 маусым 2016 15:11

Ақтөбедегі атыста қаза тапқан сержанттың отбасына 5 миллион теңге беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Ақтөбедегі атыс кезінде қаза тапқан сержант Берік Қалиев туған жері - Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылына жерленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ақтөбедегі атыс кезінде қаза тапқан сержант Берік Қалиев туған жері - Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылына жерленді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Батырды ақтық сапарға шығарып салуға ауыл тұрғындары түгелдей жиналды. Жерлеу рәсімін өткізуге облыстық әкімдік жәрдем берді. БҚО әкімі Алтай Көлгінов қаза тапқан сержанттың отбасына көңіл айтты.

"Ол қазақстандықтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, өз міндетін ерлікпен, адалдықпен орындады. Біз сіздердің қайғыларыңызға ортақпыз. Берік Қалиевтің ерлігі тарихта қалады. Біз оған қарыздармыз, ол біздің жадымызда мәңгі сақталады", - деді Алтай Көлгінов.

Облыс әкімі тілшілерге берген сұхбатында заң бойынша, әскери қызметте жүріп қаза тапқан адамның отбасына оның соңғы бес жылдағы жалақысының мөлшерінде қаражат берілетінін жеткізді. Бұл шамамен 5 миллион теңге. Сонымен қатар, Алтай Көлгінов облыс әкімдігі Берік Қалиевтің әйеліне материалдық көмек көрсетілетінін айтты. Айта кетейік, сержанттың артында 4 баласы қалды.

Еске салайық, Берік Қалиев 5 маусым күні Ақтөбеде лаңкестердің әскери бөлімге басып кіруі кезінде қайтыс болған еді. Ол қарулы қылмыскерлерді бірінші болып қарсы алғандардың қатарында болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети