10 шілде 2018 09:08

Ақтөбедегі дау: Университеттегі сауна кім үшін салынған?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбедегі Құдайберген Жұбанов атындағы мемлекеттік университетте шу шығарған жұмысшылар ақшасын ақыры алып тынды. Ең қызығы еңбекақыларын даулап барған оларды ректор танымаймын деп оқу ғимаратына жолатпай қойған еді. Бұл туралы КТК телеарнасының сюжетінде айтылады.

Университет жатақхана жөндеуге тендер ұтып алған компанияның есепшотына қосымша ақша аударған. Он ай бойы келісімшарттың жоқтығынан ақысын ала алмаған жиырмаға жуық жұмысшы енді сол серіктестіктен жалақысын алыпты. Ал олар жөндеген саунаның есігі әлі күнге жабық тұр.

Бұған дейін ректор Бауыржан Ердембеков мұнда сауна атымен жоқ деп байбалам салған еді. Сөйтсе, жуынатын орын бұрын спортшылар үшін сауықтыру орталығының жанынан ашылған болып шықты. Оны соңғы бес жылда ешкім қолданбаған. Ал басшылардың оны жасырын жөндеп алып, пайдаланып жүргенін ақшасын даулаған құрылысшылар жайып салған еді. Ең қызығы бір апта өтсе де сол саунаға ешкімді ректор жолатар емес. Тіпті, тексеруге келген мониторингтік топ өкілдері де көре алмай кетті.

"Бұл ғимаратың жертөлесінде спорт жаттығуларынан кейін жуынуға арналған сауна 1999 жылы салынған. Соңғы бес жылда бұл бөлмелер зат қоймасы ретінде қолданыста...", - деді оқу орнының орталық жетекшісі Жанна Әбділдаева. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети