14 маусым 2016 12:45

Ақтөбедегі лаңкестерді, болжам бойынша, сириялық имамдар үгіттеген - ҚР ІІМ

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дамаск. © REUTERS Дамаск. © REUTERS

ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов қылмыскерлердің теракт жасар алдында уағыз тыңдағандарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов қылмыскерлердің теракт жасар алдында уағыз тыңдағандарын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Олардың пәтерге жиналып, өздері имам деп есептейтін адамның уағызын тыңдағаны анық. Ол сол күні жиһад жасауды ұсынған. Жиналғандар дайындалып, шабуыл жасайтын нысандарын жақсы білген. (...) Имам деп есептеген адамы Сириядан деген болжам бар. Тергеу барысында анықталады. Дегенмен жиналған 45 адамның барлығы уағыз тыңдағандарын айтып отыр. Осыдан кейін олар жиһад жасау керек деген ойға келеді", - деді Қасымов.

"Олардың саны 45 болғаны анықталды. Бірақ олар жиһад жариялап, пәтерлерінен шыққанда 19 болған. Біз қазір барлығын анықтадық, жауап алып жатырмыз. Келісім берген 29 адам барды. Үш адам жарты жолдан қайтқан. Қару-жарақ дүкеніне жақындаған кезінде камерадан біз 25 адамды көрдік. Тағы біреуі қарсы шығып, кетіп қалды", - деп мәлімдеді Қасымов бұған дейін.

Бұған дейін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбеде болған терактілерді салафизм діни ағымының зұлымдық әрекеті деп атаған еді. "Республикадағы діни сенім бостандығын қамтамасыз ете отырып, біз сонымен қатар діни ұрандармен бүркеніп, елдегі жағдайды шайқалтқысы келетіндердің барлығына табанды тойтарыс беруіміз керек", - деді Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің барысында.

Еске салайық, 5 маусым күні Ақтөбеде қаруланған бір топ адам қару-жарақ сататын екі дүкенге және әскери бөлімге шабуылдаған еді. Қалада антитеррорлық операция режимі жарияланды. Лаңкестердің шабуылы салдарынан 7 адам қаза тапты, олардың үшеуі - әскери қызметші. 18 қылмыскердің көзі жойылды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети