11 маусым 2016 11:04

Ақтөбедегі оқиғалар маңызды мекемелердің күзетін күшейту қажеттігін көрсетіп берді - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Қазақстан Президенті маңызды мекемелердің, халық көп жиналатын нысандардың күзетін күшейту қажеттігіне назар аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.


Қазақстан Президенті маңызды мекемелердің, халық көп жиналатын нысандардың күзетін күшейту қажеттігіне назар аударды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

"Барлық әуежайларды, автовокзалдар мен теміржол вокзалдарын өзге елдердегідей заманауи тексеру жүйелерімен, аулаларды сапалы бейнебақылау құралдарымен жабдықтаған жөн. Бұл шаралардың бірі де азаматтарға қолайсыздық туғызбауы керек", - деді Мемлекет басшысы Қауіпсіздік кеңесінің отырысында.

Қазақстан Президенті террористік акт және төтенше жағдай болған кезде жасалатын іс-әрекеттердің халыққа түсінікті алгоритмін әзірлеу қажеттігіне назар аударды.

"Әрбір үлкен қалада міндетті түрде халықты дереу құлақтандыру жүйесі жұмыс істеп тұруға тиіс", - деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев әскери қалашықтарды, әскери бөлімдерді, оқ-дәрі мен қару-жарақ сақталатын орындарды қоса алғанда, барлық әскери нысандарды қорғау шараларына айрықша көңіл бөлу керектігін атап көрсетті.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети