06 маусым 2016 12:00

Ақтөбедегі "Паллада" дүкеніне жасалған қарулы шабуылдың мән-жайы белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Ақтөбедегі "Паллада" дүкеніне шабуыл жасағандар сатушыны және дабыл батырмасы басылғаннан кейін келген күзет фирмасының қызметкерін өлтірген. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Қорамсақ" Ассоциациясының" вице-президенті Сергей Катнов айтып берді.

"Қаза тапқан қызметкердің аты-жөні - Максименко Андрей Витальевич. 1972 жылы туылған. Бұл қызметкер барлық арнайы тексеруден өткен болатын. Тағы бір мәселе, ол қаруды пайдалана алмаған. Өлер алдында дабыл батырмасын басып үлгеріпті. Сол кезде күзет фирмасының қызметкері келген", - деді Катнов. Оның айтуынша, шабуыл жасағандар дүкенге өз қаруларымен келген. "Олар дүкенде 10 минут бойы болған. Екінші сатушыны аяусыз соққыға жығыпты. Дүкен толықтай талқандалған. Андрей кассир қыздың қолында қаза тапты. Онда өте ауыр жағдай болды", - деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін Сергей Катнов Қазақстанда қару сататын дүкеннің күзетшілерін қарумен жабдықтауды ұсынған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети