15 шілде 2016 11:56

Ақтөбедегі теракт кезінде жарақат алған тұрғындарға 9 миллион теңгеге жуық қаражат беріледі

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбедегі теракт кезінде жарақат алған тұрғындарға 9 миллион теңгеге жуық қаражат беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақтөбе ақпарат" орталығына сілтеме жасап.


Ақтөбедегі теракт кезінде жарақат алған тұрғындарға 9 миллион теңгеге жуық қаражат беріледі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақтөбе ақпарат" орталығына сілтеме жасап.

Ақпараттық орталықтың мәліметінше, жергілікті биліктегілер Ақтөбеде 5 маусымда терактіде жарақат алған отбасыларға көмек көрсету үшін қаражат бөлді. Айта кетейік, осыған дейін ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысының әкімдігіне терактіде жарақат алған отбасыларға қажетті материалдық көмек көрсетуді тапсырған болатын.

"Ол күндері біз лаңкестік шабуылдардың құрбаны болған ақтөбеліктердің туыстарына барынша көмек көрсетуге тырыстық. Бірінші кезекте біз жерлеу рәсімінің шығындарын өз мойнымызға алдық. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың шешімімен әр отбасыға 5 миллион теңгеден бөлінді", - деді облыс әкімнің орынбасары Мадияр Қабыл.

Сонымен қатар, ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов сапар барысында терактіде қаза тапқан әр отбасыға миллион теңге көлемінде көмек көрсетті. Кәсіпкер Исламбек Салжанов та қаза тапқандардың туыстарына миллион теңгеден берді. 

Айта кетейік, қазіргі уақытта облыс басшысының шешімімен жарақат алғандардың 18 отбасына 400 мың теңгеден миллион теңгеге дейінгі көлемде өтемақы төленді. Олардың 11-і 400 мың теңгеден, бесеуі 500 мың теңгеден алса, бір отбасы 700 мың теңге, тағы бір отбасы бір миллион теңге алды.

Еске салайық, биыл 5 маусымда Ақтөбеде теракт болған еді, оның салдарынан ондаған адам қаза тапты. Қазақстанда террорлық қауіптің сары деңгейі, ал Ақтөбеде қызыл деңгейі енгізілген болатын.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети