05 маусым 2017 11:36

Ақтөбедегі теракт: Министр Абаев бір жылдан кейінгі еске алу видеосын жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев осыдан бір жыл бұрын 5 маусымда болған терактіні еске салып, видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Министр видеоны Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.


ҚР ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев осыдан бір жыл бұрын 5 маусымда болған терактіні еске салып, видео жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Министр видеоны Facebook желісіндегі парақшасында жариялады.

Видеодағы кадрлардан лаңкестердің қолынан қаза тапқан - Николай Онищенко, Берік Қалиев, Михаил Матросов, Мерхан Тәжібаев, Даниэл Майлыбаев, Досбол Сапар мен Андрей Максименконың туыстарын көруге болады.

"Ол зейнеткер еді. Келесі күні (терактіден кейін - автор) 69 жасқа толатын еді. Әйелінің көзінше өлтіріп тастады", - деп басталады ролик Николай Онищенконы еске алу сөздерімен.

Еске салайық, былтыр 5 маусымда Ақтөбеде лаңкестер тобы қару-жарақ дүкендеріне және әскери бөлімге шабуыл жасаған болатын. Қалада антитеррористік операция режимі белгіленді. Лаңкестердің шабуылының салдарынан жеті ажам қаза тапты, олардың үшеуі әскерилер. 18 лаңкестің көзі жойылды. Сондай-ақ, осы терактіге қатысты істе 30 күдікті сот алдында жауап берді: 9 лаңкес, 18 мәлімет беруші мен қылмысты жасырды делінген 3 адам.

Ал кейінірек теракт кезінде қаза тапқан 4 адамның отбасына 5 миллион теңгеден берілген болатын.

Арнайы операция жүргізілген жердің суреттерін мына жерден көруге болады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети