04 шілде 2016 11:37

Ақтөбеге жаңа әкім тағайындалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vk.com © vk.com

Ақтөбе әкімі тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақтөбе ақпарат" ақпарат орталығына сілтеме жасап.


Ақтөбе әкімі тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ақтөбе ақпарат" ақпарат орталығына сілтеме жасап.

Аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтың өкімімен ҚР Президентінің, Президент Әкімшілігінің және қалалық мәслихаттың келісімімен Испанов Ильяс Сапарбекұлы Ақтөбе әкімі болып тағайындалды.

40 жастағы Испанов Қазақ мемлекеттік басқару академиясы жанындағы Нарық институтының, Лондондағы экономика және саяси ғылымдар мектебінің, РФ Президенті жанындағы Ресейлік халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының түлегі. Экономист, мемлекеттік және муниципал басқару магистрі мамандықтарында оқыған.

Испанов еңбек жолын 1993 жылы "Ақ-Бастау" АБ Сарыағаш аудандық филиалының есепшісі болып бастаған. Кейінгі жылдары ҚР Қаржы министрлігінің Комитет төрағасының орынбасары, ҚР Жоғарғы соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі Комитет төрағасының бірінші орынбасары, ҚР Бас прокуратурасының Қаржы, ақпараттандыру және ақпараттық ресурстарды қорғау департаменті басшысы қызметтерінде болды. 

Ақтөбе қаласының бұрынғы әкімі Бекбол Сағын басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметінен босады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети