18 маусым 2014 14:45

Ақтөбелік әйелді жолақы үшін ұрып-соққан

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Әйелді ұрып-соғып жатқан ер адамның әрекеті түсірілген бейнежазбаның жай-жапсары белгілі болды. Жанжалға ер адамның жолақыны төлеуден бас тартуы себеп болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Әйелді ұрып-соғып жатқан ер адамның әрекеті түсірілген бейнежазбаның жай-жапсары белгілі болды. Жанжалға ер адамның жолақыны төлеуден бас тартуы себеп болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбе облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұсталған ер адам бұрын "Автопарк" ЖШС-де кондуктор болып жұмыс істеген, ол соны пайдаланып, жолақыны төлегісі келмеген. Өзінен ақша талап еткен әйелге қарсылық көрсетіп, кейін оны ұрып-соғады. 

Автобус жүргізушісі жанжалды тоқтатты. Ол ызақор жолаушыны Маресьев көшесінен түсіріп кетеді. Оқиға 16 маусым күні болған, "Автопарк" серіктестігінде жұмыс істейтін әйел полицияға шағымданды. Күдікті сол күні-ақ ұсталды. "Ол - Ақтөбе облысының Алға қаласында туған 28 жастағы тұрғын. Тергеуалды тексеріс барысында ер адамның бұрын "Автопарк" мекемесінде жұмыс істегені, автобус жүргізушісімен таныс болғаны анықталды. Бірақ шағымданушы оны танымайтын болған, сол себепті жол ақысын төлеуді талап еткен", - деп хабарлады баспасөз қызметі.

Әйелді ұрып-соғу дерегі бойынша "Бұзақылық" бабымен қылмыстық іс қозғалды. Ұсталған адамнан ешқайда кетпеуі туралы қолхат алынды, бұл бап бойынша оған екі жылға бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылуы мүмкін. Әйелдің таяқ жеп жатқанын бейнежазба авторы жасырын түсірген. Жәбірленушіге автобус жүргізушісі ғана араша түсті. Бұзақы кондукторды ұрып, одан сыртқа шығуды талап етті. 

 

 

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети