28 желтоқсан 2018 09:27

Ақтөбелік тележүргізушінің өлімі үшін сотталғандардың бірі бостандыққа шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айзат Әбдісамат. © instagram.com Айзат Әбдісамат. © instagram.com

Ақтөбеде 28 жастағы тележүргізушінің өлімінің кейін сотталған лифтер екі айдан соң бостандыққа шығып отыр. Жарылқасын Ақжанов бастапқыда төрт жылға сотталған болатын, бірақ апелляциядан кейін оның жазасы шартты түрдегі жазаға ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК теларнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның мәліметінше, жоғарғы инстанциядағы сот сотталушының денсаулығын ескерген: ер адам жүрегіне ота жасағаннан кейін қамауға алынған. Сондай-ақ, Ақжанов зардап шеккен тарапқа толықтай моральдық өтемақы төлеген - 2 миллион теңге.

Сот алдына "Жанабек Сервис" ЖШС негізін қалаушысы әрі директоры Кенен Жаңабеков пен осы компанияның механигі Жарылқасын Ақжанов келген болатын. Сот үкіміне сәйкес, Жанабеков шартты түрде 4 жылға сотталды. Ал механик Ақжанов 4 жылға сотталған еді.

Осы іс бойынша сот отырысы тамызда басталған еді. 

Еске салайық, биыл 4 сәуірде Ақтөбеде лифтке кірмек болған әйел адамның аяғы жұлынып кеткені хабарланған еді. Оқиға 4 сәуірде 12-ықшамаудандағы №19 үйде болған. Әйелдің лифтке 3 жастағы баламен кіргені айтылады. Дәрігерлердің айтуынша, ол лифт кабинасына толықтай кіріп үлгермеген. Әйел кірер кезде лифт есігі жабылып, бірден жүріп кеткен.

"Мен оны лифттен өзім шығарып алдым". Ақтөбеде лифтте қаза тапқан әйелдің жолдасы оқиғаның қалай болғанын айтып берді

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети