06 маусым 2016 12:31

Ақтөбеліктер Интернет өшірілгендіктен ақпараттық вакуумда қалып отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© aktobe.gov.kz © aktobe.gov.kz

Ақтөбеде Интернет әлі істемей тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбеден. Қазіргі уақытта ақпараттық порталдың тілшісі оқиға орнында және қаладағы жағдай жайлы мәлімет таратып жатыр.


Ақтөбеде Интернет әлі істемей тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақтөбеден. Қазіргі уақытта ақпараттық порталдың тілшісі оқиға орнында және қаладағы жағдай жайлы мәлімет таратып жатыр.

Қазіргі уақытта қалада жағдай тыныш әрі тұрақты. Жағдайды құқық қорғау органдары мен мемлекеттік органдар бақылауға алған. Сонымен қатар, Ақтөбе әуежайында автомат ұстаған полицейлерді байқауға болады. Ұшу жолақтарында әскери ұшақтар бар.

Облыстық әкімдіктегілер қалада Интернеттің неліктен өшірілгенін түсіндірді. Бұл Ақтөбее террорлық қауіптің қызыл деңгейінің белгіленгеніне байланысты. Қызыл деңгей алып тасталғаннан кейін ғана интернет-байланыс қайта ашылады екен. 

Интернеттің жоқтығы жергілікті тұрғындарға белгілі бір вакуум іспеттес. Ақтөбеліктер қалада шын мәнінде не болып жатқанынан хабарсыз. Қазіргі уақытта әкімдікте облыс әкімінің қатысуымен жиналыс өтіп жатыр. Оның қорытындысында өңір билігі тілшілерге сұхбат береді деп күтіліп отыр. Қаладағы ауруханаға күзет қойылған. 

Еске салайық, кеше Ақтөбенің үш ауданында атыс болған еді. ҚР ІІМ өкілдері белгісіздердің "Паллада" қару-жарақ дүкеніне шабуыл жасағаны жайлы хабар келіп түскенін хабарлады. Сонымен қатар, тағы бір қару-жарақ дүкеніне және әскери бөлімге шабуыл жасалғаны белгілі болды.

ҚР ІІМ өкілдері шабуыл жасағандарды, болжам бойынша, дәстүрлі емес діни ағымдардың ұстанушысы деп атады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети