16 шілде 2019 13:10

Ақтөбеліктер құжаттарды онлайн түрде алу мүмкіндігін пайдаланбай отыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жазда Халыққа қызмет көрсету орталықтарына баратын халық саны екі есе өседі, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары"


Жазда Халыққа қызмет көрсету орталықтарына баратын халық саны екі есе өседі, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары"

Кезекте тұрмай, үйден шықпай-ақ мемлекеттік қызметті алуға болады. Бұл туралы "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорацясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева фейсбуктегі ресми парақшасында жазды.

"Жаз маусымында халыққа қызмет көрсету орталықтарына баратын халықтың саны екі есе өседі. Бұл ең алдымен демалушылардың сапарға шығуға қажет құжаттарын жасатуымен байланысты. Ал кезекті демалысқа шыққан өзге азаматтар баспаналарының қағаздарын жасатып, тұрақты тіркеуге тұрып, көліктерін сатып, жаңасын алуымен байланысты", - дейді Әсемгүл Балташева.

Бұдан бөлек, ХҚО-ға келушілердің күрт өсуі мемлекетіміздің әлеуметтік тұрғыда аз қамтылған отбасыларға жәрдем беріп, олар үшін әлеуметтік бағдарламалар құрып, қолдау саясатын белсенді жүргізуімен де байланысты деп атап өтті басқарма төрайымы. Себебі жеңілдіктерді қарастыратын бағдарламаларға қатысу үшін бірқатар анықтама мен құжатты жинау керек. Бұл үшін де адамдар халыққа қызмет көрсету орталықтарына ағылады.

Әсемгүл Серікқызы бұл ретте мемлекеттік қызметтердің 71 пайызының электрондық форматқа өткенін тілге тиек етіп, азаматтарды мемлекеттік қызметтерді ХҚО-ға бармай-ақ, онлайн түрде алуға шақырды. Ол керекті анықтамалар мен құжаттарды egov.kz сияқты электронды портал, mgov.kz қосымшасы және телеграмдағы EgovKzBot арқылы онлайн алуға болады, ХҚО-сыз да құжаттарды алудың балама жолы бар дей келе, цифрлық жаңашылдықтарды пайдаланатын қазақстандықтардың санының артатынына үлкен сенімін білдірді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети