Ақышев "7-20-25" бағдарламасына кімдер қатыса алатынын айтты

28 Сәуір 2018, 18:04
3
Ақышев "7-20-25" бағдарламасына кімдер қатыса алатынын айтты - © klychreal.ru
© klychreal.ru

Қазақстан халықтары ассамблеясының XXVI сессиясында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев "7-20-25" бағдарламасына кімдердің қатыса алатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Ұлттық банк басшысы ипотекалық бағдарламаға бірінші кезекте баспанасы жоқ және табысы бар адамдар қатыса алатынын атап өтті. 

"Бәрін есептедік те, бұл бағдарламаға қатысатындар көп болады деген ойдамыз. Соңғы күндері банктермен бұл бағдарлама қалай жүргізілетінін талқыладық. Нұрсұлтан Әбішұлы, банктер қатысуға және бастамаңыз іске асу үшін барынша тырысуға дайын екенін мәлімдей аламын. Біз ипотекалық кредит берудің нарықтық қағидаларын қолданбақпыз", - дейді Данияр Ақышев. 

Сонымен бірге, ол баспана алу жолын қысқаша баяндап берді. 

"Коммерциялық банк "7-20-25" бойынша кредит береді, тек қана теңгемен, сосын бұл кредитті Ұлттық банктің арнайы компаниясы сатып алады, ал коммерциялық банк алған қаржысын келесі кредит беруге жұмсайды. Осылайша, бағдарлама өзін қаржыландырып, дами береді. Нақты қадамдар жасадық, қажетті заңнамалық өзгерістер енгізілді, олар Парламенттің қарауында. Бағдарлама мамырда бекітіледі. Кеше Ұлттық банк басқармасының жиналысында операторды - банктерден кредит сатып алатын арнайы компнаияны құру шешімі қабылданды. Ол "Баспана" ипотекалық компаниясы деп аталатын болады", - дейді президентке Ұлттық банк басшысы. 

"Бұлай айтатын болсаң, қарапайым адам сені түсінбейді", - деп ата өтті Назарбаев әзілдеп. 

"Бізде Данияр Талғатұлы - нағыз қаржыгер, өз ісін біледі. Ұлттық банк сатып алады, ақшасын береді. Бастысы - ақша беру, баспана салыну үшін, болды. Адамдарды қалай деген сұрақтар толғандырмайды. Бұны қалай жеткеніміз белгісіз қалып отыр, қанша талқыға салғанымыз. Бірінші жауап - "ақша жоқ". Мен: "ақша бар ғой, қалай жоқ?" - дедім. Міне табылды, көріп отырсыздар. Енді бұл істе Ұлттық банк төрағасы басшы болып отыр. Бәрін жасаймыз дейді, бұл өте маңызды", - деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікірлерді көру (3)
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай