26 желтоқсан 2017 13:24

Ақышев елден ақша шығаруды қиындату жоспарланып отырғанын мәлімдеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев елден ақша шығаруға қарсы күресте қандай шараларды қолданбақшы екенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев елден ақша шығаруға қарсы күресте қандай шараларды қолданбақшы екенін айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, заңнамада елден ақша шығаруға қатысты жүргізілетін бірнеше валюталық операциялар көрсетілген. Олардың біріншісі - резидент резидент емес (бір елде тұрып салық төлеп, кейін басқа мемлекетке тұрғылықты мекендеуге не уақытша жұмыс істеуге көшіп барған адамның мәртебесі) адамға қарызға ақша береді. Бірақ қайтарылатын ақша Қазақстандағы шотқа аударылмайды. Екіншісі - керісінше, резидент емес адам резидентке қарызға ақша береді. Мұнда да қаржы Қазақстандағы шотқа аударылмайды. Үшіншісі - резидент резидент емес адамға 720 күннен аса уақытқа пайызсыз қарызға ақша береді. Төртіншісі - экспорт немесе импорттау арқылы операциялық төлемдер жүргізу", - деді Ақышев үкімет отырысы барысында.

"Банктер мұндай операцияларды тек резидент мәліметтерді қаржы бақылау органдарына жолдауға рұқсат берген жағдааға жүргізе алады. Сондай-ақ, заңнамада резидент берген мәліметтер бойынша валюталық операциялар жүргізуге болатыны көрсетілген. Ол мәліметтерді бірақ банк құпияда сақтайды", - деді Ұлттық банк төрағасы.

Сонымен қатар, Данияр Ақышев ҚР Валюталық реттеу мен бақылау туралы заңнама актісіне өзгертулер мен толықтырулар енгізу аясында бір кодекс пен төрт заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілгенін айтты.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети