22 желтоқсан 2015 14:32

Ақышев "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" бұрынғы басшысын жұмысқа алуының себебін түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрбибі Наурызбаева © Марат Әбілов Нұрбибі Наурызбаева © Марат Әбілов

Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" басшысы қызметінен кеткен Нұрбибі Наурызбаеваның абыройы қалпында деп санайды, ол оны банкке қызметкер ретінде қабылдаған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақышевтің айтуынша, Наурызбаева ішкі аудит департаментінің басшысы болып тағайындалды.


Ұлттық банк басшысы Данияр Ақышев "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" басшысы қызметінен кеткен Нұрбибі Наурызбаеваның абыройы қалпында деп санайды, ол оны банкке қызметкер ретінде қабылдаған болатын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Ақышевтің айтуынша, Наурызбаева ішкі аудит департаментінің басшысы болып тағайындалды.

Айта кетейік, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" бұрынғы басшысы ұйымдағы басшылардың кейбіріне пәтерлердің таратылуы жайында жанжал туындағаннан кейін қызметінен кеткен болатын. "ҚР Ұлттық банкі төрағасының бұйрығымен Наурызбаева Нұрбибі Серекқажиқызы арнайы тексеруден өткенше ішкі аудит департаменті басшысының міндетін атқарушы болып тағайындалды. ҚР Ұлттық банкінің қызметкерлері мемлекеттік қызметкерлер болып есептелмейді, оның үстіне, олар барлық тиісті процедуралар мен тиісті органдардың тексеруінен өтеді. Егер Наурызбаева Нұрбибі Серекқажиқызында қандай да бір жағдайлар туындаса және олар оның бұл қызметке тағайындалуына кедергі келтірсе, ол арнайы тексерістен өтпейді. Менің ойымша, Нұрбибі Наурызбаеваның абыройы - қалпында. Ол ұзақ жылдар бойы Ұлттық банктің ішкі аудит департаментін басқарған және ол оның негізін салушы, жұмысты реттеп, ол жердегі тиісті талаптардың барлығын біледі. Ал оның "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі" жұмысына қатысты айтатын болсақ - ол қызметінен кетті, алайда, оған қатысты құқық қорғау органдарының тағар кінәсі жоқ", - деді Ақышев.

Еске сала кетейік, "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің" басшысының ауысқаны 2013 жылы қазанда белгілі болды. Жаңа басшы болып Айбатыр Жұмағұлов тағайындалды. Ол кезде пәтерлерді таратуға байланысты жанжалға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі пікірін жеткізген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети