26 қыркүйек 2017 12:36

Ақышев бағам ауытқуынан табыс тапқысы келетіндерге үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев бағам ауытқуынан табыс тапқысы келетіндердің ұтылып қалуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев бағам ауытқуынан табыс тапқысы келетіндердің ұтылып қалуы мүмкін екенін айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қазіргі уақытта сыртқы факторларға қатысты жағдай жақсы. Қазақстанның энергия тасымалдаушыларының бағасы да соңғы кезде өсіп жатыр. Бұл дегеніміз елге келіп жатқан валюталық түсім де көбейеді деген сөз. Барлығы валюталық түсімнің елге қаншалықты тез түсетініне байланысты", - деді Ақышев үкімет отырысынан кейін.

Сондай-ақ, банк төрағасы елдерде - сауда серіктестерде жағдайдың тұрақты екенін айтып өтті.

"Осы нарықта табыс тапқысы келіп жүрген азаматтарға және кәсіпорындардағыларға тағы да қайталап айтқым келеді. Бағам ауытқыған кезде бірден айырбастау орындарына барып, осылай табыс табудың қажеті жоқ, себебі мұнда ұтылып қалуыңыз да мүмкін. Макроэкономикалық жағдай қазір жақсы, нығаюы да мүмкін. Сол кезде қазір валюта сатып алып жатқандар ұтылып қалады", - деді Данияр Ақышев.

Айта кетейік, 26 қыркүйектегі таңғы сессияда ұлттық валютаның долларға қатысты бағамы 339,54 теңгеге тең болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 445.66   490.7   4.78 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети