05 қазан 2018 18:29

Әл-Фараби даңғылымен қарсы жүрген жігіттің басқа да "ерліктері"

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тengrinews.kz коллажы Тengrinews.kz коллажы

Әл-Фараби даңғылымен қарсы бағытта жүрген 20 жастағы алматылық азамат Instagram желісінде әрдайым өз әрекеттерінің видеосын жариялап отырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әл-Фараби даңғылымен қарсы бағытта жүрген 20 жастағы алматылық азамат Instagram желісінде әрдайым өз әрекеттерінің видеосын жариялап отырған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Назар Ролланның жеке парақшасындағы Stories-те жүргізуші жол ережесін қатаң бұзған, яғни екі сызықты кесіп өткен, ал тағы бір видеода ол бір жақпен ғана жүретін жолда керісінше рұқсат етілмеген бағытта жүрген.  

Тағы бір видеода видео авторы кептеліс кезінде арнайы жолақпен жүрген тиімді екенін айтады. 

Тағы бір Stories-те ол ақ түсті Camry көлігіне "Rollan02" нөмірін тағып түнгі уақытта көше бойын артқа қарай жүрген. 

Әл-Фараби даңғылымен қарсы бағытта жүруін, Назар Роллан әлеуметтік желіде қайтып айналу үшін ерінгенін айтады. 

Осыған дейін, Назар Ролланға бес хаттама толтырылды және жүргізу құқығынан айырды. Полиция бөлімшесінде ол өз әрекеті үшін кешірім сұрады, алайда кейінірек тағы бір видео жариялап өз ісіне еш өкініш білдірмейтінін және кешірім сұрау кезінде күлкілі болғанын айтқан. Назар Роллан 2018 жылы қаңтарда "Алматы менеджмент университетінде" оқудан шығарылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети