Әл-Фараби даңғылындағы жол апатына қатысты тағы бір іс тоқтатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әл-Фараби даңғылындағы жол апатына қатысты тағы бір іс тоқтатылды Әлеуметтік желілердегі фото

Әл-Фараби даңғылындағы жол апатына қатысты тағы бір қылмыстық іс тоқтатылды. Мән-жайды ІІМ хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Әл-Фараби даңғылындағы жол апатына қатысты тағы бір қылмыстық іс тоқтатылды. Мән-жайды ІІМ хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қай іс тоқтатылды?

26 наурызда, Әл-Фараби даңғылындағы жол апатынан бірнеше күн өткен соң, ІІМ мәлімдеме жасады. Ведомствоның ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев сол кезде мемлекеттік нөмірлердің заңсыз берілуі мүмкін екені туралы уәждер бойынша Өзіндік қауіпсіздік департаменті қылмыстық іс қозғағанын хабарлады.

Бұған дейін ІІМ-нен істің 362-баптың 1-бөлігі "Билікті немесе лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану" бойынша тергеліп жатқанын білген едік.

Редакция істің қай кезеңде екенін анықтау үшін ведомствоға сауал жолдады.

"2026 жылғы 3 маусымда Қылмыстық кодекстің 362-бабы 1-бөлігі бойынша соталды тергеп-тексеру ҚІЖК-нің 35-бабы 1-бөлігі 2-тармағы негізінде, яғни қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты тоқтатылды", - деп хабарлады ІІМ.

Сондай-ақ бұған дейін айыптау мәліметі бойынша, сотталушы көлікті тіркеу құжаттарына сәйкес келмейтін 100 QR 02 мемлекеттік нөмірімен басқарғаны белгілі болған еді.

"Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік"

Адам өліміне әкеп соққан жол апаты туралы негізгі істен бөлек, 2026 жылғы наурыздан бастап қызметтегі әрекетсіздікке байланысты тағы бір қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Күдікті ретінде полиция қызметкері танылды – бұған дейін сөз Алматы ПД басшыларының бірінің жүргізушісі туралы екені хабарланған болатын. Бұл іс бойынша тергеу амалдары аяқталғаны белгілі болды.

"2026 жылғы 20 мамырда Алматы Полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 370-бабы 4-бөлігінің 1-тармағы ("Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді аяқтады. Қылмыстық іс Алматы қаласының прокуратурасында зерделеніп жатыр", – деп хабарлады ІІМ ресми сауалға берген жауабында.

Бұған дейін тергеудің Әл-Фараби даңғылындағы резонанс тудырған жол апатына қатысты қылмыстық істердің бірін тоқтатқаны белгілі болған. Сөз көрінеу жалған айғақтар беру туралы іс жайында болып отыр.

Алкоголь болды ма? Сотта Zeekr жүргізушісінің таныстары жол апатына дейінгі кафедегі кеш туралы айтып берді

Tengrinews
Читайте также

Валюта бағамы

 490.21   559.45   6.63 

 

Ауа райы

Алматы
А
Алматы +32
Астана +27
Ақтау +23
Ақтөбе +21
Атырау +28
Б
Балқаш +27
Ж
Жезқазған +27
Қ
Қарағанды +26
К
Көкшетау +25
Қ
Қостанай +30
Қызылорда +35
П
Павлодар +31
Петропавл +34
С
Семей +34
Т
Талдықорған +24
Тараз +32
Түркістан +27
О
Орал +31
Ө
Өскемен +31
Ш
Шымкент +32

 

Редакция Жарнама
Әлеуметтік желілер