Алагөзовке қатысты істің жаңа деректері пайда болды

28 Қараша 2017, 16:17
0
Алагөзовке қатысты істің жаңа деректері пайда болды -

Белгілі продюсер Баян Есентаеваның сүйіктісі Тұрсынғали Алагөзовке қатысты істің жаңа деректері пайда болды. Бұл туралы Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалхатына жауап берген ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов айтты.

"2017 жылдың 15 тамызында ҚР ҰҚК Шекара қызметінің 2010 әскери бөлімінің анықтау бөлімі ҚР Қылмыстық кодексінің 392-бабының 1-бөлігінде ("Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өту") қарастырылған қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Азамат Т.Т.Алагөзов бұл қылмыстық іс аясында куәгер", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта қылмыстық істің тергеу кезеңінде екені айтылады. Алайда іс бойынша қорытынды процесстік шешім қабылданбағандықтан, ведомство өзге мәлімет берілмейді екен.

Айта кетейік, бұл бап бойынша жаза - шетелдікті немесе азаматтығы жоқ адамды ҚР шегінен тысқары жерге бес жыл мерзімге шығарып жібере отырып, бір мың айлық есептік көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салу не бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру.

Еске салайық, осыған дейін Тұрсынғали Алагөзовтен жауап алынғаны хабарланған еді. Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек редакцияның сауалхатына берген жауабында Тұрсынғали Тұрымұлынан қорғаушысы бар куәгер ретінде жауап алынған.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай