11 тамыз 2015 13:40

"Алатау" кинотеатрының орнында McDonald's салынуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Алматыдағы "Алатау" кинотеатрының орнында McDonald's салынуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мәліметі бар дереккөзге сілтеме жасап.


Алматыдағы "Алатау" кинотеатрының орнында McDonald's салынуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мәліметі бар дереккөзге сілтеме жасап.

Қазақстанда McDonald's қызметкерлерін қабылдауға арналған сайт ашылды. Дереккөздің мәліметінше, таяу уақытта Төле би мен Қонаев көшелерінің қиылысындағы "Алатау" кинотеатрының бұрынғы ғимаратының орнында фастфуд ашылуы мүмкін. Дереккөздің мәліметінше, бұл жоба дайын және келісім деңгейінде. Мұнымен қатар, қалада тағы екі McDonald's пайда болады - "Мамыр" ықшамауданында және Бұқар жырау гүлзарының бойында Сәтбаев атындағы техникалық университетке қарама-қарсы аумақта. Дереккөз барлық мейрамхананың фирмалық түсте, бір қабатты болатынын және жеке автотұрақтың салынатынын атады. Ол құрылыстың 2016 жылы көктемде басталатынын атап өтті.

 

"Алатау" кинотеатры. © Tengrinews.kz

 

"Мамыр" ықшамауданындағы McDonald's мекемесінің тұрғызылады делінген орны. © Tengrinews.kz

 

Бұқар жырау гүлзарындағы McDonald's мекемесінің тұрғызылады делінген орны. © Tengrinews.kz

 

Алматыдағы McDonald's осындай болады деп күтіліп отыр.

Айта кетейік, ескі кинотеатрдың құрылысы жайлы Tengrinews.kz тілшісіне Алматы әкімдігінің қызметкерлерінің бірі бейресми түрде растады. Алайда Сәулет және қала құрылысы басқармасының өкілдері мұндай мәліметі жоқ екенін мәлімдеді. "Мұны сізден бірінші рет естіп отырмын. (...) Мұндайға әлі қол қойылмады, бекітілген жоқ. (...) Білмеймін, білмеймін", - деді басқарма басшысы Ғабит Садырбаев. Бірақ кейін ол ғимараттың соңғы бірнеше жыл бойы пайдаланылмай тұрғанын айтты. 

Ал Қазақстандағы McDonald's басқарушы директоры Алексей Филиппенко Tengrinews.kz тілшісінің сұрағына жауап бере отырып, Қазақстанда көтерілу мен дамуға үлкен мүмкіндік барын айтты. "Қазіргі уақытта компания Қазақстанның танымал кәсіпкері Қайрат Боранбаевпен коммерциялық концессия құқығына келісімге қол қойды (developmental franchise). Қазақстанда "Макдоналдс" Ресейдегі Макдоналдс" бизнесінен тәуелcіp жұмыс істейді. Таяу уақытта Қазақстандағы бірінші кәсіпорындардың ашылуы болады", - деді Филиппенко. Бірақ ол мейрамхананың нақты қай жерде ашылатынын айтпады.

Еске салайық, McDonald's мейрамханаларының Қазақстанда ашылатыны жайлы 2014 жылдың қарашасында белгілі болған еді. Оның қазақстандық франчайзиі Қайрат Боранбаев болады делінген болатын. Бүгінге дейін фастфудтардың қайда ораналасатыны белгілі болмай келді.  

McDonald's - әлемнің қоғамдық тамақтандыру саласындағы жетекші бренді, дүниежүзі бойынша 35 мың кәсіпорны жұмыс істейді. 100-ден астам елдегі бұл кәсіпорындарға күн сайын 70 миллион адам қонақ болады. Компания өкілдерінің айтуынша, McDonald's-тің 80 пайыздан астам кәсіпорындары франчайзилердің иелігінде.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети