Tengri FM Радиосы Радио Жұлдыз FM Қазақстан заңдары Экономика сабақтары
KZ RU EN
Бізге жазба жолдау +7 (727) 388 8124
искать через Tengrinews.kz
искать через Google
искать через Yandex
USD / KZT - 332.80
EUR / KZT - 390.57
CNY / KZT - 49.88
RUB / KZT - 5.60

Алаяқтар Алматыда пәтер сату арқылы екі миллиард доллар пайда тапқан

25 Қазан 2014, 11:17
0
mhealth.ru сайтынан
mhealth.ru сайтынан

 Алматыда пәтер алаяқтары құрықталды. Алаяқтар элиталық санаттағы пәтерлерді жалдап, артынан оларды сатып жіберіп отырған,- деп жазады "Экспресс-К".

Қылмысқа барған бірнеше айдың ішінде алаяқтар біршама пәтерді өз аттарына аударып, жеті пәтерді сатып, екі миллиард доллар пайда тауып үлгерген.


"Ұсталғандардың барлығы жоғары білімді адамдар. Егер олардың бейнесін суреттейтін болсақ, қымбат киім киген, сырт-сипаты көрнекті, сатып алушыларына қымбат көліктермен барған адамдарды көреміз" дейді ІІМ криминальды полиция басқармасы бастығының орынбасары Андрей Кучер.


Оның айтуынша, алаяқтар қымбат пәтерлерді жалға алып, бірнеше айға бірақ төлем жасаған. Бұдан соң олар жалған құжат жасатып, пәтерлерді сатуға жарнама берген.
"Соңғы сәтте олар нотариус арқылы ойларын жүзеге асырып отырған. Мұндай біздің тәжірибемізде бірінші мәрте кезігіп отыр. Олар келісімге келетін нотариустарды іздеп әуре болмаған. Өздері офис ашып, нотариустың рөліне  де өздері еніп, пәтерлерді осылайша сатқан. Пәтер сатып алуышларға келісім жасауға келгендерді көрнекті әйел тосып алып, олар сатып алушылардың аты-жөнін арнайы журналға тізіп, құжаттардың көшірмесін өткізіп, нотариустар не істейді соны істеген" дейді Андрей Кучер.


Алаяқтар тобында 11 адам болған. Құқық қорғаушылар олардың алтауын қолға түсірді. Қалған бесеуіне іздеу салынды.


Нравится
Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай