24 қазан 2016 14:21

Әліби Жұмағұлов Астана қаласының тұрғынына шағым түсірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әліби Жұмағұлов Астана қаласының тұрғынының үстінен шағым түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әліби Жұмағұлов Астана қаласының тұрғынының үстінен шағым түсірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астана қаласының 21 жастағы тұрғыны басылым тілшілеріне Әліби Жұмағұловпен әлеуметтік желіде танысқанын айтты. Қыздың айтуынша, олар әлеуметтік желіде біраз сөйлесіп жүріп, 20 қазанда кездескен.

"Мен оның көлігіне отырғанда, ол менен "Неге менімен таныстың?", Неге кездесуге келдің?" деп сұрай бастады. Содан сөмкемдегі заттарды алып-салып жатқанда, ол онда кішкентай пакетті көріп қалды. Менен оның ішінде не бар екенін сұрай берді. Мен болсам оған онда марихуананың бар екенін және оны өзіме алғанымды айттым", - дейді қыз.

Астаналық қыздың айтуынша, бұл пакет Әліби Жұмағұловты алаңдатқаны соншалықты, кездесуге келген жас жігіт қызды дәмханаға кешкі ас ішуге емес, учаскелік полиция инспекторына апарған. Астана қалалық ІІД мәліметінше, Жұмағұловтың полицияға түсірген шағымына қатысты сотқа дейінгі өндіріс жүргізіліп жатыр.

"Бұл сотқа дейінгі бірыңғай тіркеу реестріне ҚР Қылмыстық Кодексінің 296-бабы бойынша тіркелді. Сот-химиялық сараптама қорытындысына сәйкес, Астана қаласының 21 жастағы тұрғынынан тәркіленген марихуананың салмағы 1 граммнан асады. Осыған байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қажетті сараптамалар тағайындалды", - делінген Tengrinews.kz редакциясы жіберген ресми сауалға берілген жауапта.

Осыған дейін Әліби Жұмағұловтың танысы да оның үстінен полицияға шағым түсірген болатын. "2016 жылдың 28 қыркүйегінде Астана қалалық ІІД-ге А есімді азаматша танысы Әліби Жұмағұловтың үстінен көлігінде қалып қойған ноутбугін қайтармай жүргеніне шағымданған. Алғашқы тергеу шараларының барысында ноктбук иесіне қайтарылды, ал қылмыс құрамының жоқ болуына байланысты тергеу тоқтатылды", - деп хабарлаған еді Астана ІІД өкілдері.

Айта кетейік, Астана тұрғыны Әліби Жұмағұловты ұрып-соғу оқиғасына байланысты атышулы іс 2015 жылдың сәуірінде шыққан болатын. Сол уақытта жігіттің әкесі Нұрлан Жұмағұлов әлеуметтік желіде баласын елордалық белгілі бизнесмен Қайрат Жамалиев ұрып-соқты деп, суреттер жариялаған еді. Кейін Қайрат Жамалиев қамауға алынып, сотталған. Сот Жамалиевті 13 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеген болатын. Бұл оқиға жайлы мына жерден толығырақ оқи аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети