27 сәуір 2015 14:36

Алда ауыртпалығы көп күрделі реформа күтіп тұр - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тұрар Қазанғапов Нұрсұлтан Назарбаев. ©Тұрар Қазанғапов

Қазақстан ауыртпалығы көп күрделі реформа алдында тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұрсұлтан Назарбаевқа сілтеме жасап.


Қазақстан ауыртпалығы көп күрделі реформа алдында тұр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Нұрсұлтан Назарбаевқа сілтеме жасап.

"Жемқор емес, халыққа қызмет ететін кәсіби мемлекеттік аппарат құру. Басты міндет - меритократияны сақтау: кім лайықты болса, сол өтеді, басты талап - кәсібилік, іскерлік, сәйкес тәжірибе. Екінші - заңның үстемдігі. Бізде кеңестік сот төрелігінің мұрасы әлі де қалып отыр. Заң абсолютті түрде үстемдік етті деп айта алмаймыз, сондықтан, міне, осы пункттерде Қазақстан ауыртпалығы көп күрделі реформа алдында тұр және бұл үшін не істеу керек екенін мен білемін", - деді Назарбаев Ақордадағы баспасөз мәслихатында.

Ол соған қарамастан, елдің ішкі және сыртқы саясатын өзгертудің қажеті жоқ екенін атап өтті. Мемлекеттік қызметке лайықты адамдардың келіп жатқанын халық білетіндей болуы керек. Автономды, конъюктура әсер етпейтін, құрамында қызмет ете білетін адамдары бар үкімет жасау туралы тапсырма тұр. "Міне, осында өзгерістер болады, ал қалғаны осыған дейін қалай өткізіліп келсе, солай болып қалады", - деді Мемлекет басшысы.

Еске салайық, 26 сәуірде Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы өтті. Сағат таңғы 7-ден кешкі 8-ге дейін сайлау учаскелері еліміздің барлық өңірінде ашық болды. Бұл күні жергілікті уақыт бойынша, 21.00-де Орталық сайлау комиссиясы учаскелердің жабылғанын хабарлады.

Қазақстандықтардың 95 пайызынан астамы дауыс берді. ҚР ОСК мәліметінше, алдын ала қорытындыда Назарбаев 97,7 пайыз дауыс жинады. Әбілғазы Құсайынов 0,7 пайыз, ал Тұрғын Сыздықов 1,6 пайыз дауыс жинады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети