20 қыркүйек 2018 12:43

Алдағы күндері ауа райы бұзылады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы күндері ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМҚ өкілдеріне сілтеме жасап.


Алдағы күндері ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМҚ өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, 21 қыркүйекте Ақмола облысының кей жерлерінде қатты жаңбыр күтіледі. Ал 22 қыркүйекте кей жерлерде оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20, кей жерлерде екпіні 25 м/с жетеді. Сондай-ақ, кей жерлерде бұршақ күтіледі. Түнде және таңертең кей жерлерде тұман болжанып отыр.

Астанада 21-22 қыркүйекте оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с күшейіп, 22 қыркүйекте бұршақ күтіледі.

"Қазгидромет" мамандарының айтуынша, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша да жаңбыр жауады. Кей жерлерде найзағай, бұршақ болады. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күтіледі.

Петропавлда ертең жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан соғатын желдің екпіні күндіз 15-20 м/с дейін күшеюі мүмкін.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети