Синоптиктер 2017 жылдың 6-8 cәуірінде ауа райының қандай болатыны жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер 2017 жылдың 6-8 cәуірінде ауа райының қандай болатыны жайлы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
"Ресейдің арктикалық аймағынан Қазақстанға суық және ылғалды ауа келіп жатыр. Сондықтан көптеген облыста бұрынғысынша ауа райы бұлтты, кей жерлерде жаңбыр, сулы қар, тұман және ауа температурасы қалыпты нормадан 2-4 градусқа төмен болады деп болжанып отыр", - деп хабарлады мамандар.
Синоптиктердің мәліметінше, бірте-бірте тропосфералық ағындар бағыты солтүстіктен оңтүстік-батысқа қарай ауысады, сол себептен 8 сәуірде Қазақстанның көптеген облыстарында жауын-шашын тоқтап, ауа температурасының жоғарылауы күтіледі.
"Батыс облыстарда қазірдің өзінде Таяу Шығыстан ауа массаларының келуімен жауын-шашынсыз және жылы ауа райы күтілуде, температура қалыпты нормадан 3-6 градусқа жоғары болады", - деді синоптиктер.