1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

"Казгидромет" 11-13 мамыр аралығында Қазақстанда қандай ауа райы болатынын жариялады, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі. 

Болжамға қарағанда, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерлерінде жаңбыр жауады желдің күшеюі күтіледі. Тек республиканың кей оңтүстігінде жауын-шашынсыз болады.

"Солтүстік Қазақстан облысында түнде басым бөлігінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні секундына 23-28 метр болып, күндіз кей жерлерінде секундына 15-20 метр күшеюі күтіледі. Ақмола, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақтөбе, Атырау, облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Павлодар облысында жел секундына 15-20 метрге күшейеді", - дедінген "Казгидромет" сайтындағы хабарламада.

Астана қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел батыс, оңтүстік-батыстан соғады, күші секундына 9-14 метр. Ауаның температурасы түнде +12+14 градус, күндіз +25+27 градус болады.

Алматы қаласында көшпелі бұлтты, түнде және таңертең өтпелі жаңбыр жауып, найзағай болады. Желдің күші 0-5, найзағай кезінде желдің екпіні секундына 8 метр болады. Ауаның температурасы түнде +13+15 градус, күндіз +25+27°С болады.        

ШҚО-да ұшақ өртенді