04 қазан 2017 15:12

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 5-7 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктер 5-7 қазан аралығына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Қазақстанның солтүстік-шығысында орналасқан циклон және онымен байланысты атмосфералық фронттар Батыс Сібірдің оңтүстігіне қарай жылжиды. Олардың орнына еділ аумақтарынан антициклон келеді. Сол антициклонның әсерінен алдағы үш тәулікте республикамыздың батыс облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы болады және ауа температурасы бұл аймақтарда жоғарылайды", - деді синоптиктер.

Ал еліміздің қалған аумақтарында антициклонның шығысқа жылжуына байланысты жауын шашын тоқтайды, бірақ ауа температурасы қазанның 7-нен бастап тек қана оңтүстік облыстарда көтеріледі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети