02 наурыз 2018 12:47

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 3-5 наурызға арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктер 3-5 наурызға арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің айтуынша, Қазақстанға еліміздің аумағы арқылы қатты жылдамдықпен өтетін суық антициклон ауысты. Сондықтан, республиканың солтүстік бөлігінде өткен тәулікте ауа температурасы 3…8°С дейін түсіп, климаттық нормадан төмен болған. Сенбі күні солтүстік, орталық және шығыс облыстарда аяз, бірақ жауын-шашынсыз, температурасы нормадан төмен ауа райы күтіледі екен.

"4-5 наурызда оның орнына Қазақстанға  Ресейдің Еуропалық бөлігі мен Каспий теңізінен келетін циклондар температураның жоғарылауына әсер етеді. Соларға байланысты, жексенбі күндері республиканың басым бөлігінде күрделі ауа-райы: жауын-шашын, тұман және көктайғақ күтілуде", - делінген хабарламада.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети