Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

11 Маусым 2018, 12:37
0
Алдағы күндері ауа райы қандай болады? -

Синоптиктер 12-14 маусым күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері елімізде жаңбыр жауып, найзағай тұрып, тұрақсыз ауа райы сақталады.

"Қазақстан территориясына алдағы үш күнде салқын, дымқыл ауа түсетін болады. Республиканың басым бөлігінде соның әсерінен жаңбыр және найзағаймен тұрақсыз ауа райы күтіледі. Найзағай болған кезде кей жерлерде желдің өткінші дауылды күшеюі және бұршақ күтіледі. Өткен демалыс күндеріне қарағанда температураның кішігірім ауытқуы күтіледі, климаттық нормадан 1...4 градусқа төмен болады", - деді синоптиктер.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай