Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

06 Тамыз 2018, 11:17
0
Алдағы күндері ауа райы қандай болады? - © unsplash.com
© unsplash.com

Алдағы күндері елімізде ыстық ауа райы сақталады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Алдағы күндері республиканың көптеген бөлігінде ыстық ауа-райы басым болады, кей жерлерде күн күркірейді, өткінші жаңбыр жауады, екпінді жел соғады, батыста және солтүстік-батыста бұршақ жаууы мүмкін. Ауа температурасының негізгі фоны 27-35, оңтүстікте және батыста 40 градусқа дейін болады. Республиканың батысында және солтүстік-батысында Таймыр аудандарынан салқын және ылғалды ауа келуіне байланысты 9 тамызда ыстықтың төмендеуі басталады, ауаның күндізгі температурасы 20-28 градус жылыға дейін төмендейді", - делінген болжамда. 

Ақтау

6 тамызда ауа температурасы 21 градустан асады. Көшпелі бұлт. Желдің жылдамдығы секундына бір метр.

7 және 8 тамызда ауа температурасы  +33... +36 градусқа дейін жоғарылайды.

Алматы 

Алматыда да ыстық ауа райы сақталады. 6 тамызда 21 градустан 33-35 градусқа дейін жоғарылайды. 7 және 8 тамызда да ауа температурасы сақталады. Жауын-шашын болмайды.

Астана 

6 тамызда бұлтты ауа райы сақталады. Ауа температурасы +18 градусш шамасында болады. 7 тамызда жауын-шашын болады. Кейіннен ауа температурасы +28-30 градусқа дейін жоғарылайды.

Атырау

6 тамызда Атырауда ауа райы қатты ыстық болмайды:  +21 градус. 7 тамызда 35..37 градусқа дейін жоғарылайды. 8 тамызда найзағай тұрып, ауа температурасы 3 градусқа төмендейді.

Жезқазған

Жезқазғанда 6 тамызда бұлтты ауа райы күтіледі, ауа температурасы 25 градустан жоғары болады. Синоптиктердің мәліметінше, 7 тамызда ауа температурасы 29-31 градусқа дейін, ал 8 тамызда 32-34 градусқа дейін жоғарылайды.

Қарағанды

Қарағандыда алдағы үш күнде ауа райы ыстық болмайды. 6 тамызда +16 градус, 7 тамызда +25 ... +27 градус, 8 тамызда +25 ... +27 градус, бірақ бұлтты ауа райы сақталады.

Қостанай

Бұлтты ауа райынан кейін ауа температурасы 17 градустан аспайды. 7 және 8 тамызда ауа температурасы +29 ... +31 градусқа дейін жоғарылайды.

Қызылорда

Қызылордада ауа райы өте ыстық болады. 6 тамызда +27 градус, 7 тамызда +36 ... +38 градусқа дейін жоғарылайды. 8 тамызда да осы қалыпта ыстық болады.

Көкшетау

6 тамызда ауа температурасы +13 ℃ болады. 7 және 8 тамызда  +27 ... +29 градусқа дейін көтерілуі мүмкін.

Павлодар 

Павлодарда күн бірден ысып кетеді. 6 тамызда: + 10 градус, 7 және 8 тамызда" +30 ... +32 градус.  

Петропавл

Петропавлда 6 тамызда 12 градус жылы болады. 7 тамызда жауын-шашын болып,   +28 ... +30 градусов, 8 тамызда ауа температурасы  +25 ... +27  градус болады.

Семей

Семейде 6 тамызда ауа температурасы +15 градустан +30 градусқа дейін көтеріледі. 7 және 8 тамызда жауын жауып, ауа температурасы 30 градус ыстық болады.

Талдықорған, Тараз, Шымкент 

Алдағы үш күнде еліміздің оңтүстігіндегі өңірлерде бірдей ауа температурасы сақталады. Синоптиктердің мәліметінше, 6 тамызда Талдықорғанда +12 градус, Тараз бен Шымкентте +20 және +23 градус сақталады. Кейінірек күн ысып кетеді.

Орал

Синоптиктердің мәліметінше, 6 тамызда Оралда ауа температурасы 19 градустан аспайды. 7 және 9 тамызда жауын-шашын болады. 7 тамызда  +33 ... +35 градус ыстық болса, 8 тамызда +30 ... +32 градус ыстық болады.

Өскемен 

6 тамызда Өскеменде ауа райы салқын болады. +12 градус. Бірақ 7 тамызда +28 ... +30 градусқа дейін жоғарылайды. 8 тамызда да осы ауа райы сақталып, бірақ жауын-шашын болуы мүмкін.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай