Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

07 Қараша, 13:41
0
© russinfo.net
© russinfo.net

Синоптиктер 2018 жылдың 8-10 қараша аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Баренц теңізі аудандарында қалыптасқан суық атмосфералық фронттармен Қазақстанға арктикалық ауа массалары түсе бастайды. Егер соңғы уақытта республикадағы ауа температурасы климаттық нормадан жоғары болса, ал алдағы үш тәулікте ол төмендейді және әдеттегі нормадан 3-8 градус төмен болады", - делінген хабарламада. 

Сонымен қатар, күн салқындап қана қоймай, жауын-шашын, қар, тұман мен көктайғақ күтіледі. Ал солтүстік, орталық және шығыс облыстарында қар жауып нағыз қысқы ауа райы, боран, күшті солтүстік-батыс желмен және түнгі температураның 10-15 градусқа дейін төмендеуі, кей жерлерде 20 градус аяз түседі.

Получить короткую ссылку


Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай