27 наурыз 2019 14:16

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 28-30 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктер 28-30 наурыз күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады.

"Өзбекстанда орналасқан циклонмен байланысты белсенді бұлтты массив солтүстік-шығыс бағытта жылжиды. Онымен алдағы тәулікте Қазақстанның оңтүстігінде жаңбырмен бірге найзағай және қатты екпінді жел күтіледі. Солтүстік-шығыс бағытта жылжыған циклон жауын-шашын, әсіресе республикамыздың орталық, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарында көбінесе жаңбыр түрінде болады. Ал Ресейдің Еуропалық бөлігінен, батыс және солтүстік облыстарына атмосфералық фронттар жылжыйды. Мұнда жаңбыр, түнгі және таңертеңгі сағаттарда тұман және көктайғақ болжанады. Ауа температурасы орташа көпжылдық мәннен 3...5 градусқа жоғары сақталады", - деді "Қазгидромет" өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети