10 маусым 2019 12:09

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Синоптиктер 2019 жылдың 11-13 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктер 2019 жылдың 11-13 маусым аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Ведомство мәліметінше, республика аумағына батыс облыстарын қоспағанда, Баренцев теңізі мен Солтүстік Орал аудандарынан ылғалды және салқын тропосфералық ауа келеді екен.

"Мұндай ауаның кезекті бөлігі алдағы үш тәулікке республика аумағында сақталады, сондықтан да ауа райының өзгеруі күтілмейді. Еліміздің біршама бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталып, жауын жауады. Республиканың оңтүстік-шығысында таулы және тау бөктеріндегі нөсер жауын-шашын болады", - делінген "Қазгидромет" хабарламасында. 

Ауа температурасы орташа қалыпты жағдайдан 3-5 градусқа төмен болады. Тек батыста және оңтүстік-батыста жоғары атмосфералық қысымның ықпалымен жауын-шашынсыз және ыстық болады, күндіз ауа райы 30-38 градусқа дейін қызады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети