15 қазан 2019 09:22

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер 2019 жылы 15 қазанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктер 2019 жылы 15 қазанда ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

Қазақстанның басым бөлігінде фронтал бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы күтіледі, басым бөлігінде жаңбыр жауады, оңтүстікте және орталықта найзағаймен жаңбыр жауады, жел күшейеді, тек батыста жауын шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың кей жерлерінде тұман күтіледі.

"Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20, екпіні секундына 23-28 метр күшейеді. Туркістан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең жел 15-20, екпіні секундына 23 метр күшейеді. Ақмола, Костанай, Шығыс Қазақстан, түнде Алматы, түнде және таңертең Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метр күшейеді. Батыс Қазақстан, Актөбе, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел секундына 15-20 метр күшейеді, Қарағанды облысының күндіз кей жерлерінде найзағай күтіледі. Түнде және таңертең Атырау, кей жерлерде Мангыстау облыстарында тұман күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде жел секундына 15-20 метр күшейеді, Солтүстік Қазақстан облысының күндіз кей жерлерінде екпіні секундына 25 метр күтіледі", - делінген хабарламада.        

Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығыс бөлігінде, Қарағанды облысының батыс және оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети