Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

23 Қазан, 11:42
0
Алдағы күндері ауа райы қандай болады? -

Синоптиктер 2019 жылдың 24-26 қазан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Қазақстанның оңтүстік облыстарында антициклонның ықпалынан аздаған бұлтты және жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Алдағы үш тәулікте республиканың солтүстік және шығыс облыстарында атмосфералық фронттармен жауын-шашын, тұман және көктайғақ күтіледі. Батыс желінің күшеюімен бұрқасынның да болуы мүмкін", - делінген хабарламада. 

Ал тропосферада батыс ағындарымен Атлантикадан жылы және ылғалды ауаның келуімен Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы көтерілуі күтіледі, бұл әдеттегі осы кезең үшін 2-5 градус жоғары.

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай