Алдағы күндері ауа райы қандай болады? 28 қазан 2019, 17:59

Синоптиктер 2019 жылдың 29-31 қазан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
"Қазан айымен бірге аномал жылу да аяқталып келеді. Атлантикадан жылы және ылғал ауаны әкелген батыстық тропосфералық ағымдар солтүстік-батысқа қарай ауыса бастайды", - делінген хабарламада.
Сондықтан қазан айының соңғы күндерінде Қазақстанда алдымен батыс, сондан соң солтүстік облыстарында жаңбырдың арты қарға ұласуымен және температураның климаттық нормаға дейін төмендеуі күтіледі.