Синоптиктер 2020 жылдың 9-11 қаңтар аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер 2020 жылдың 9-11 қаңтар аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
"Қазақстанға Атлантика мен Жерорта теңізінен атмосфералық фронттар бірінен кейін бірі жылжып, дымқыл және жылы ауа массаларын алып келеді. Сондықтан жауын-шашынға қарамастан, республикада қатты аяз күтілмейді", - делінген хабарламада.
Қысқа мерзімді суытудан кейін солтүстік-батыс тропосфералық ағымдар тез оңтүстік-батысқа ауысып, ауа температурасы қайта жоғарылайды. Сондықтан бұрыңғыдай Қазақстанның басым бөлігінде көктайғақ және көрінуі 500 метрден аспайтын тұман сақталады.