05 ақпан 2020 15:28

Алдағы күндері ауа райы қандай болады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

© tengritravel.kz © tengritravel.kz

Синоптиктер 2020 жылдың 6-8 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.


Синоптиктер 2020 жылдың 6-8 ақпан аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Оңтүстік-батыс тропосфералық ағындармен Қазақстанға Қара теңіздік циклон ығысып, жаңбыр, мұзды жаңбыр, жылбысқы қар, бұрқасынмен күшті оңтүстік-батыс желін және жылуды алып келеді. Тек түнде ғана емес, күндіз де ауа температурасы минус 6 - плюс 5 градус болжанады. Мұндай жоғары температура мен жауын-шашынға байланысты ауа райының өте қауіпті құбылыстарына көктайғақ пен тұман қосылды", - делінген хабарламада. 

Оңтүстік пен оңтүстік-шығыста оңтүстік циклонмен сондай-ақ жауын-шашын, жаңбыр, жылбысқы қар күтіледі, ауа температурасы плюс 5-10 градусқа дейін, қиыр оңтүстікте плюс 12-18 градусқа дейін жоғарылайды. Қазақстанның бүкіл аймақтарында алдағы үш тәуліктерде ауа температурасы климаттық нормадан 8-16 градусқа жоғары сақталады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети