07 қыркүйек 2017 12:52

Алдағы күндері бірқатар өңірде үсік жүреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алдағы күндері Қазақстанның бірнеше өңірінде үсік жүреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" мамандарына сілтеме жасап.


Алдағы күндері Қазақстанның бірнеше өңірінде үсік жүреді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" мамандарына сілтеме жасап.

"Түнде 8 қыркүйекте Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, 8-9 қыркүйекте Павлодар, 9 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде 2 градус үсік күтіледі", - деп хабарлалды мамандар.

Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметінше, 8 қыркүйекте түнде Астанада да 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

"8 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы бойынша кей жерлерде найзағай, солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с-ке дейін күшеюі күтіледі. Күндіз бұршақ жаууы мүмкін.
Орал қаласында да 8 қыркүйекте солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 18 м/с-ке дейін күшейеді", - деді "Қазгидромет" өкілдері.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети