Алдағы күндері елімізде қар жауады және суық болады

06 Қараша 2014, 15:54
0
Алдағы күндері елімізде қар жауады және суық болады - ©Ярослав Радловский
©Ярослав Радловский

6-8 қараша аралығында Қазақстанда күн жаңбырлы, қарлы әрі желді болады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК мамандарына сілтеме жасап. 

Синоптиктер күннің суытатынын болжады. Олардың мәліметінше, елдің оңтүстігінде ғана күн біршама жылы болады. "Жауын-шашын, жаңбыр, қар, көктайғақ, тұман және батыс пен солтүстіктің күшті желі тек қана солтүстік облыстарда ғана емес, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында да болады", - деп хабарлады "Қазгидромет" мамандары. Ал Ресейдің еуропалық аумағының солтүстік-батысынан жылжып келе жатқан суық және қуатты антициклонмен бірге түнгі температура 3 градус аяздан 13 градус аязға дейін төмендейді. Оңтүстік облыстарда және шығыста күндіз 5-15 градус жылы, ал 8 қарашада күндіз де, түнде де ауа температурасы 2-6 градус аяз аралығында болады. 

Метеорологтердің мәліметінше, қарашаның соңғы онкүндігінде қысқы ауа райы қалыптасады. Бұған дейін мамандар алдағы қыс жылдағыдан ызғарлырақ болады деп хабарлады. "Алдын ала болжам бойынша, алдағы қыс аумалы-төкпелі болады, суық күндер қалың қар мен жауын-шашынға өзгеріп отырады. 2013-2014 жылдардағы қысқа қарағанда алдағы қыс салыстырмалы түрде суығырақ болады", - деп хабарлаған болатын мамандар. 

 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай