Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде аяз болады

18 Қараша 2016, 16:03
0
Алдағы күндері еліміздің басым бөлігінде аяз болады - © drive2.ru
© drive2.ru

Синоптиктер 2016 жылдың 19-21 қараша күндеріне арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.

"Сібірдің солтүстік аудандары үстінде қалыптасқан суық және ауқымды антициклонның салдарынан Қазақстанда нағыз қысқы ауа райы орнады. Алдағы демалыс күндері республикада аяз арктикалық ауаның жаңа үлестерінің келуімен күшейетін болады. Солтүстік, орталық және шығыс облыстарда түнгі температура 30-35 градус, кей жерлерде 40 градус аяз болса, батыста 20-28 градус аяз күтілуде", - деп хабарлады мамандар.

Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметінше, еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында да суық, қар жауу, кей жерлерде өте күшті шығыстық жел, боран күтілуде. Ауа температурасы алдағы үш тәулікте Қазақстанның барлық аумағында климаттық мәннен 13-20 градусқа төмен болады.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай