Алдағы күндері еліміздің бірнеше өңірінде үсік жүреді

24 Мамыр, 17:16
0
© pexels.com
© pexels.com

Алдағы күндері еліміздің бірнеше өңірінде ауа райы бұзылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМҚ өкілдеріне сілтеме жасап.

"26 мамырда түнгі уақытта Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарында, 27 мамырда түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жауын-шашын жауады. 26 мамырдан 27-не қараған түні солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады. Сондықтан кей жерлерде желдің жылдамдығына секундына 15-20 метрге жетеді.

Түнде 26 мамырда Қостанай, Ақтөбе облыстарының, түнде 26-27 мамырда Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 3 градус үсік, түнде 27 мамырда Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 1-6 градус үсік күтіледі", - деп ескертті синоптиктер.

Демалыс күндері ауа райы қандай болады?

Сондай-ақ, 26 мамырда Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында екпіні желдің жылдамдығына секундына 23-28 метрге жетеді. Кей жерлерде тұман, найзағай, бұршақ, дауыл тұрады деп болжанып отыр.

Получить короткую ссылку

Тегтер:

  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай